Ақтоты Райымқұлова отставкаға өтініш бергенін айтты
Поддержать

Ақтоты Райымқұлова отставкаға өтініш бергенін айтты

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға өтініш бергені туралы айтты. Бұл оның бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековке шыққан үкіммен байланысты.

– Ахметжановтың брифингінде Мұсайбековтың жемқорлық үшін емес, алаяқтық үшін, сотталғаны айтылды. Бірақ қалай болғанда да мен өтініш бердім, ол қабылданбады, – деді Райымқұлова.

Журналист Райымқұлованың Олимпиада ойындарынан кейін өз еркімен кету туралы өтініш жазғаны туралы сұрады.

– Заңда сіз айтып отырған (һ шарттар туралы жазылмаған. Менің ойымша, олар (Олимпиада ойындары) төмен нәтижеге ие болды. Бірақ бұл спорт. Бұл жолы, мүмкін, көп ала алмадық. Талдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Әр медаль үлкен еңбекпен келеді. Біз жақсы бағытқа ұмтыламыз, – деп жауап берді министр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.