Бақытгүл Хаменова қамауға алынды
Поддержать

Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

Ірі көлемде пара алды деген айыппын үй қамағына алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова екі айға қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу изоляторына қамалды. Бұл ақпаратты Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

— Шенеунік қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен бұлтартпау шарасын өзгертті, — деп хабарлады сотта. 

Еске салайық, бұған дейін Атыраудың мамандандырылған тергеу соты Хаменоваға қатысты үй қамауына санкция берген болатын. Сот күдіктінің — жалғыз басты әйел, Атырауда тұрақты тұратын жері бар, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотталмағанын, екі жас баланы тәрбиелеп, қарт анасын асырап отырғанын назарға алды.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылғы 13 наурызда облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болған.

10 желтоқсанда Хаменованы Атыраудағы Абай ескерткішін дайындау және орнату бойынша Мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікпен ұстады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.