Иманбек Ресейде жыл музыканты атанды
Поддержать

Иманбек Ресейде жыл музыканты атанды

MTV Ресей телеарнасы 2021 жылғы музыканттар тізімін жариялап, үздік ондыққа «Грэмми» сыйлығының алғашқы иегері, саунд-продюсер Иманбек Зейкенов те енді.

— Жыл бойы тыңдалған әуендер! «Жыл музыканты» марапаты индустрияға елеулі үлес қосқан талантты орындаушылардың жетістіктеріне арналған. Олар – жоғары сапалы музыка, өзіндік ерекшелік, аудиторияны тану және кәсіби орындаушылық мәдениетті біріктірген түрлі жанрдағы жарқын, өзінше бірегей әртістер, — делінген хабарламада.

MTV Russia Instagram парақшасында жариялаған жыл музыканттарының қатарында Мари Краймбери, Слава Марлоу, Муся Тотибадзе, Jony, Imanbek, Мот, Zivert, Ваня Дмитриенко, Mary Gu және Анет Сай бар.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.