Алматыда ядролық медицина орталығы ашылды
Поддержать

Алматыда ядролық медицина орталығы ашылды

Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалауға бағытталған алғашқы инновациялық медициналық орталық ашылды. Орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде барлық қазақстандықтарға тегін және қолжетімді зерттеулер жүргізіледі.

— Инновациялық зерттеулер пациенттің жағдайы туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл ауруды нақтылау кезеңінде де, емдеу кезеңінде де маңызды. Ең заманауи аппаратурамен жабдықталған медициналық орталықтар Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау және өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін өте маңызды, — деді Е. Тоғжанов.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәліметіне сәйкес, ядролық медицина орталығы онкологиялық патологияларды ерте анықтау үшін ең заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Жоғары технологиялық ПЭТ сканері – Biograph Horizon, Siemens позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді. Зерттеу ісіктің құрылымы мен функционалдық ерекшеліктерін молекулалық деңгейде бағалауға мүмкіндік береді.

Фото: primeminister.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.