Қазақстан мен Ресей ортақ азық-түлік нарығын құруды жоспарлап отыр
Поддержать

Қазақстан мен Ресей ортақ азық-түлік нарығын құруды жоспарлап отыр

Уфада Қазақстан-Ресей халықаралық азық-түлік нарығын құруға және еуразиялық тауарды тарату жүйесін қалыптастыруға бағытталған келісімге қол қойылды.

Ынтымақтастық құжатына «Строй-Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Башқұртстан Республикасы), Көтерме сауда орталықтарының ұлттық қауымдастығы (Мәскеу қ.), «Ұлттық сауда-тарату желісі» ЖШС (Қазақстан) және «Ростелеком» ЖАҚ қол қойды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат Қазақстан мен Ресейдің сауда-тарату желілері арасындағы мемлекетаралық коммерциялық өзара іс-қимылды ынталандыруды, сондай-ақ цифрлық, жобалық, құрылыстық, логистикалық және технологиялық шешімдерді біріздендіру негізінде көтерме тарату орталықтарының желілерін салуды қолдауды көздейді.

Келісімге қатысушылар арасындағы әріптестік қатынастар, басқалармен қатар, агроөнеркәсіптік кешендегі тауар ағындарының қалыптасуы мен қозғалысын мәліметтерді жинау, бақылау, талдау және басқару саласында кешенді цифрлық бағдарламалар мен қызметтерді құру бойынша басталды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.