Депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі тоқтатылды
Поддержать

Депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі тоқтатылды.

— Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Қанайұлы Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Қ. Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін, — делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында. 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.