Украина славян халықтарына қарсы сатқындық саясатын жүргізеді – Қадыров
Поддержать

Украина славян халықтарына қарсы сатқындық саясатын жүргізеді – Қадыров

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинаның Ресейге қосылуы туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.

— Мен Шешенстан Республикасы басшысының атынан сөйлеген жоқпын, мен Ресей Федерациясының азаматы ретінде Рамзан Қадыров сияқты сөйледім. Бұл менің пікірім, өйткені қазір біздің мемлекетіміздің тағдыры мен қауіпсіздігі өте қиын жағдайда. Батыс және Еуропа мемлекетіміздің шекарасына ақырындап жақындап келеді.

Сондықтан кез келген уақытта проблемалар туындауы мүмкін, егер біз өз позициямыздан бас тартсақ, олар басқалар сияқты бізге өздерінің шарттарын қоюы мүмкін. Мен, азамат ретінде алаңдаймын. Менің республикам, облысым, мемлекетім, халқым туралы өз пікірімді білдірдім, — деді Қадыров Instagram желісіндегі тікелей эфирде.

Рамзан Қадыровтың айтуынша, Украина славян халықтарына қарсы сатқындық саясатын жүргізіп отыр. Шешенстан президенті бұл халық үшін өте қауіпті екеінін айтты.

— Зеленскийге және Украина туралы айтқаныма келетін болсақ, олар славян халықтарына да сатқындық саясат жүргізеді. Олар өз халқына, дініне жиі соғыс жариялайды. Бұл бәріміз үшін өте қауіпті, — деді Қадыров.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.