Жаңаөзендегі толқулар үшінші күнге жалғасты
Поддержать

Жаңаөзендегі толқулар үшінші күнге жалғасты

2 қаңтар күні Батыс Қазақстандағы наразы жұртшылық сұйық отынның бағңасына қатысты ереуілге шығып, оның арты Жаңаөзендегі жаппай наразылық шеруіне ұласты.

Жаңаөзендегі жүздеген көлік иелерінің наразылық білдіру себебі – 1 қаңтардан бастап литрі 100 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттаған сұйытылған мұнай газының бағасын төмендету.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түнде Twitter парақшасында мәлімдеме жасап, жағдай бақылауында екенін айтты.

– Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық тұрғыда тез арада зерделеуді тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс, – деп жазды президент Twitter-де.

Жаңаөзендегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтік комиссия құрды. Жаңаөзендегі наразылық шеруі жан-жақтан қолдау тапты.

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында сұйытылған мұнай газына қатысты жағдайға қатысты журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, олқылықтарды мойындады.

Үшінші күнге ұласқан митингте Жаңаөзендегі орталық алаң мен әкімдік аумағында мобильді интернет жұмыс істемейді. Сондай-ақ, он шақты полиция көлігі мен автозактар тұр.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.