Тоқаев наразылық білдірушілерге қатысты жаңа мәлімдеме жасады
Поддержать

Тоқаев наразылық білдірушілерге қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы қазіргі жағдайға қатысты жаңа мәлімдеме жасады.

Президент Ақтауда үкіметтік комиссия жұмысын бастағанын айтты. Комиссияға тұрақтылықты сақтай отырып, шешім шығару міндеті жүктелген.

– Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына тәртіптің сақталуытуралы тапсырма берілгенін атап өтті.

– Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс, — деп жазды мемлекет басшысы.

Еске салайық, 2 қаңтар күні Жаңаөзенде жаппай сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты наразылық шеруі басталды. Қазақстанның әр өңірінде Жаңаөзен халқын қолдау үшін бейбіт жиындар өтті.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.