Депутат ҰҚК-нің теріс діни ағымдарға тыйым салу туралы заңға қол қоймағанын айтты
Поддержать

Депутат ҰҚК-нің теріс діни ағымдарға тыйым салу туралы заңға қол қоймағанын айтты

Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса сұхбат берді. Сұхбат барысында депутат ереуілшілер мен лаңкестер туралы айтты.

— Екі нәрсені айырып алуымыз керек. Ақтау мен Жаңаөзенде әлеуметтік жағдайға байланысты ел қамын ойлап шыққан ереуілшілер. Алматыдағы ереуілшілердің арасына кірген содырлар, лаңкестер ереуілдің билігін өзіне алды. Кейін бейбіт шерушілер кетіп қалды да, содырлар алаңда қалып шайқасты, — деді ол.

Сондай-ақ, Қазыбек Иса ҰҚК бірнеше жыл бұрын теріс діни ағымдарға тыйым салу туралы заңға қол қоймағанын айтты.

— Үш, төрт жыл бұрын Алматы қаласында ҰҚК-нің Алматы филиалының конференциясы өтті. Конференция теріс ағымдарға тыйым салу туралы болды. Дін туралы заңымызға толықтыру енгізіліп жатқан. Барлық ведомство қол қойды, бірақ ҰҚК ғана қол қоймады, — деді Қазыбек Иса Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.