LRT қаржысының жымқырылуына Мәсімовтің қатысы бар екені айтылды
Поддержать

LRT қаржысының жымқырылуына Мәсімовтің қатысы бар екені айтылды

Astana LRT жобасындағы қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп, АҚШ-қа қашып кеткен Қанат Сұлтанбеков Facebook желісінде Кәрім Мәсімов туралы жазба жариялады.

— Енді Мәсімовтің неліктен Astana LRT жобасын тергеуге қатты кедергі келтіргені және өзіне берілген барлық өкілеттіктермен менің айғақтарыма жол бермей, жобаның ақшасын ұрлады деп маған барлық айыптарды арта салғаны белгілі болды. Сіз 2015 жылдың желтоқсанында осы жобаның несиелік құжаттарына қол қойған кезде Қытай Даму банкінен несие алудың бастауында тұрдыңыз, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Қанат Сұлтанбековті іздеу жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстары халықаралық ынтымақтастық аясында жүргізілуде.

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.