Балтабек Нұрғалиев президентке арнап «Темірқазық» атты ән жазды
Поддержать

0

0

Балтабек Нұрғалиев президентке арнап «Темірқазық» атты ән жазды

Елбасыға және Болат Назарбаевқа ән жазып танылған ақын Балтабек Нұрғалиев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап ән жазды. Әннің атауы – Темірқазық.

— Бұл ән – Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады, — деп жазды Балтабек Нұрғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ән мәтіні:

Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады.
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:

Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:

Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

С этим так же читают