Алматыда қаңтардағы оқиғаларды зерттеу жөнінде тәуелсіз комиссия құрылды
Поддержать

0

0

Алматыда қаңтардағы оқиғаларды зерттеу жөнінде тәуелсіз комиссия құрылды

Алматыда бір топ қоғам белсенділері және саясаткерлер қаңтардағы оқиғаға байланысты қоғамдық комиссия құрды. БАҚ өкілдері қатысқан бұл жиында тәуелсіз комиссияның құрамы мен мақсаты айтылды.

2 қаңтар күні Батыс Қазақстандағы наразы жұртшылық ереуілге шығып, оның арты Жаңаөзендегі жаппай наразылық шеруіне ұласты. 3 қаңтар таңертеңнен Алматыдағы Республика алаңы жабылды. Алматыда 5 қаңтарға қараған түні рұқсат етілмеген митинг тәртіпсіздіктер мен полиция қызметкерлерімен қақтығысқа ұласты. Наразылық білдірушілер Республика алаңына жиналды.

Қаңтардағы оқиғаларды зерттеу жөнінде құрылған тәуелсіз комиссияның тең төрағалары болып журналист Ермұрат Бәпи мен Рысбек Сәрсенбайұлы тағайындалды.

Комиссия құрамында Балташ Тұрсымбаев, Рысбек Сәрсенбайұлы, Еркін Рақышев, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеу, заңгер Тимур Тоқсейітов, журналист әрі блогер Динара Сейсен, журналист Қойшыбек Мүбарак, журналист Думан Мұхамедкәрім, қоғам белсендісі Арайлым Назар, заңгер Әлнұр Ильяшев, заңгер Маржан Аспандиярова, журналист Мирболат Мырзатайұлы, қоғам қайраткері Нұрлан Бұланбай бар. Сондай-ақ, әрбір облыстан комиссияға бір мүше алынатынын да айтты.

Қостанай облысы әкімшілігінің бұрынғы басшысы және бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, саясаткер Балташ Тұрсымбаев 15 қаңтар күні, тәуелсіз комиссияның құрылғанын жариялап, жалпы сипаттама берді.

– Өздеріңізге белгілі қаңтар айының басында халық көтеріліп, пікірлерін алаңға шығып білдірді. Екі күн тыныш өткенімен, кейін билік мұның бәрін тоқтатамыз деді. Бейбіт шеруге шыққан азаматтардың бәрі қуғынға ұшырады. Бүгін «Қаңтар» оқиғасын зерттеу жөніндегі тәуелсіз комиссия құрылды деп жариялаймыз, — деді саясаткер Балташ Тұрсымбаев.

Тәуелсіз комиссияның тең төрағаларының бірі Рысбек Сәрсенбай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан азаматтарға арнап 1 минут үнсіздік жариялады. Кейін ол құрылған комиссияның негізгі мақсатын, атқарар әрекетін айтып берді.

— Қазір ел басына ауыр күн туып тұр деп айтуға болады. Қазақстанда мемлекеттік және саяси дағдарыс орын алып отыр. Билік өкілдері айтқандай, лаңкестердің әрекеті тоқтаған секілді. Бірақ қауіп әлі де бар. Дәл осы оқиғадан кейін азаматтардың қорғаны болады деген Қазақстан билігіне сене алмаймыз. Қазіргі уақытта алаңға шыққан бейбіт адамдар мен ақпарат тарату құқығына ие журналистерді қудалау, жаламен айыптау жалғасып жатыр. Біз отандастарымызды қорғауымыз керек. Комиссияның негізгі жұмыс бағыты осындай. Митингке қатысқан бейбіт азаматтарды қорғауымыз керек, — деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Қоғамдық комиссияның келесі әрекеті туралы журналист, саясаткер Ермұрат Бәпи exclusive.kz тілшісіне айтып берді.

— Келесі жиын дүйсенбі күні басталады. Бүл жұмысшы жиын болады. Біз техникалық мамандарды, запастағы криминалистерді, полиция қызметкерлерін және заң қызметкерлерін тартуымыз керек. Бұл комиссияның мақсаты тек қоғам мүшелін жинап алып, даңғаза жасау емес. Қаңтар оқиғасы байланысты жағдайдың кең көлемдегі картинасын көрсету керек. Ең бастысы, қанша адамның қаза тапқанын анықтау керек, — деді Бәпи.

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

С этим так же читают