Депутаттар бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды
Поддержать

Депутаттар бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Сенат пен Мәжіліс депутаттары ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдап, бір күндік жалақыларын осы қорға аударды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжіліс отырысындағы тапсырмасына сәйкес құрылды.

Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты проблемалармен айналысады.

Президент қорда жиналған қаражат сирек кездесетін дертке шалдыққан балаларға көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, дарынды балаларды қолдауға және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталатынын жеткізді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.