Әлем келесі пандемияға дайындалуы керек – БҰҰ Бас хатшысы
Поддержать

Әлем келесі пандемияға дайындалуы керек – БҰҰ Бас хатшысы

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемді келесі пандемияға дайындалуға шақырды.

— Біз әрбір елде жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салу және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін арттыру арқылы келесі пандемияға дайындалуымыз керек, — деді Гутерриш Дүниежүзілік экономикалық форум барысындағы бейне үндеуінде.

Гутерриш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша өткен жылдың соңына дейін әлем халқының 40 пайызын вакцинациялау қажет болғанын атап өтті. Алайда бұл мақсаттар орындалмады.

— Бұл ұят, бірақ табысы жоғары елдерде вакциналау деңгейі Африка елдерімен салыстырғанда жеті есе жоғары. Бізге вакциналарды таратуда әділдік керек, — деп қосты ол.

Сондай-ақ, ол жергілікті вакцина өндірісін қолдап, олардың жеткізіліміне баса назар аударуға шақырды.

 

Фото: Азия Плюс




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.