Тұрғымбаев ІІМ қызметкерлеріне 150 мың теңге сыйақы төленетінін айтты
Поддержать

Тұрғымбаев ІІМ қызметкерлеріне 150 мың теңге сыйақы төленетінін айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев төтенше жағдай режимі кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған қызметкерлерге сыйақы бөлінгенін айтып, 150 мың теңгеден берілетінін мәлімдеді.

— Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жоспарына сәйкес, Ішкі істер министрлігі үш шара бойынша негізгі орындаушы саналады. Біріншісі — жауынгерлік әзірлік пен техниканы арттыру, әскери қызметкерлер рухын көтеру шараларын қабылдау. Ең алдымен, арнайы жасақтардың материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген. Жалпы, үкіметтік резервтен материалдық-техникалық базаны нығайтуға қаражат бөлінді, — деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Министр жеке құрамның рухани-адамгершілік рухын сақтау мақсатында қызметкерлер бойында отансүйгіштік пен борышқа адалдық сезімін ояту шаралары жүргізіліп жатқанын да жеткізді.

— Төтенше жағдай кезінде құқық қорғау қызметіне тартылған қызметкерлерге 150 000 теңге көлемінде сыйақы және курсанттар мен сарбаздарға бағалы сыйлықтар бөлінді, — деп қосты Тұрғымбаев.

 

Фото: ІІМ




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.