Лаңкестер, саяси элита, реформа. Назарбаев халыққа үндеуінде не айтты?
Поддержать

Лаңкестер, саяси элита, реформа. Назарбаев халыққа үндеуінде не айтты?

Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасады. Айтуынша, осындай қиын сәттерде Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілмей қалған.

— Құрметті отандастар! Ардақты ағайын! 2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталды. Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады. Соның салдарынан бейбіт тұрғындарымыз зардап шекті. Қасіретті оқиға кезінде қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ. Мемлекет басшысын қолдау — баршамыздың азаматтық борышымыз, — деді Елбасы.

Елбасы отыз жылда атқарылған істерге тоқталып, елде болған елеулі жағдайлар мен реформалар туралы айтты.

— Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес. Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды. Ұлан-ғайыр шекарамыз түбегейлі бекітілді. Елімізде іргелі реформалар жүзеге асып, Орталық Азияда көш бастадық. Еуразия жүрегінде, Сарыарқа төсінде жаңа астанамыз бой көтерді. Бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмас, — деді Назарбаев.

Назарбаев осы уақыт аралығында өзіне көптеген хат жолданғанын айтып, президент өкілеттігін тапсырған сәттен бастап зейнеткер атанғанын жеткізді.

— Маған жолданған көптеген хатқа және БАҚ-тағы жарияланымдарға жауап берсем, мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым, содан бері зейнеткермін, бүгінде Қазақстан астанасында демалыста жүрмін және ешқайда кетпедім. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл жайлы қауесеттер мүлдем негізсіз, — деді Нұрсұлтан Әбішұлы.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.