Елдегі тәртіпсіздіктерге радикалды ұйым мүшелері қатысты - Қарин
Поддержать

Елдегі тәртіпсіздіктерге радикалды ұйым мүшелері қатысты — Қарин

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге радикал және экстремистік ұйым мүшелері қатысқан. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы эфирінде мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин айтты мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, 20 желтоқсан күні бір мезгілде Қазақстан аумағына бір топ шетел азаматтарының келуі тіркелген, олар 7-8 қаңтарда түрлі бағытта елден шығуға әрекет жасаған.

— Арнайы қызметтер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикал және экстремистік ұйым мүшелері соңғы оқиғаларға қатысу дерегін анықтады, — деді Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, шетелдік террористік ұйымдардың әрекетін арнайы қызмет дер кезінде тоқтата білген.

— Сот таныған экстремистік ұйымдардың бірі осы шерулерді, тәртіпсіздіктерді, ашық түрде зорлық-зомбылық әрекеттерін, әкімшілік ғимараттарды басып алуды тудырды, — деді Қарин.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.