Тоқаевтың тапсырмасымен «ӨКМ Операторы» ақша жинау құқығынан айырылды
Поддержать

Тоқаевтың тапсырмасымен «ӨКМ Операторы» ақша жинау құқығынан айырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасының аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» Қаулы қабылдады.

Құжатқа сәйкес «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды.

— «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді, — делінген премьер-министрдің ресми сайтында.

Айта кетейік, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайтын болды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.