вторник, 24 мая 2022
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
АҚШ Тайваньды Қытайдан қорғауға дайын – Байден США готовы защищать Тайвань «военным путём» - Байден На Филиппинах во время пожара на судне погибли семь человек Елбасының еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды – Тоғжанов Ораз Жандосов будет консультировать министра Багдата Мусина Была ли слежка за казахстанцами: ответ МВД Олжас Сүлейменов партия құратынын мәлімдеді В Кызылординской области женщины требуют закрыть лото-клубы Льготное автокредитование: "Автомобили в наличии есть" «Путин – сүмелек»: Ресей агрессиясын айыптаған оқушы кешірім сұрады Дополнительных расходов для создания новых областей в Казахстане не будет- Минфин Украина ТМД елдерінің ерлігін есте сақтау туралы келісімнен шықты Иностранными банками заблокированы платежи в иностранной валюте на сумму Т9,2 млрд- глава АРРФР Число беженцев в мире превысило 100 млн Казахстанская компания прекратила поставки руды в Россию Падения деревьев и подтопления - результаты непогоды в Казахстане Почти Т232 млрд потратят на опреснительные заводы в Мангыстау Шымкенттік оқушыны әлемнің 34 университеті оқуға шақырды Установлена причина массовой гибели скота на Западе Казахстана Литва прекратила импорт российской электроэнергии Ақтауда ешкімді танымай қалған сарбаз үйіне қайтарылды В Нур-Султане арестован мужчина, домогавшийся девочки в автобусе Россияне продают казахстанский ИИН Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атанды Швейцария сняла санкции с российской компании «Еврохим»

Назарбаев пен оның отбасына берілген артықшылықтар

2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаев және оның отбасына қатысты «ҚР Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық заң қабылданған.

Елбасыны ұстауға және қамауға алуға болмайды

Конституциялық заң бойынша Елбасы Қазақстан президенті болған кезде және Қазақстанның Тұңғыш президенті мәртебесін алғаннан кейін де жасаған әрекеттері үшін жауапқа тартылмайды.

- Оны ұстауға, қамаққа алуға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге, күзетпен ұстауға болмайды, - делінген заңда.

Елбасы мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық жеке мүлікке тиісуге және шектеу қоюға болмайды. Жеке мүлікке тұрғын және қызметтік үй-жайлар, қызметтік көлік, байланыс құралдары, хаттар, құжаттар кіреді. 

Тиіспеушілік Қазақстан Тұңғыш президентінің – Елбасының қорына және ол құрған өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.

Бұдан бөлек, конституциялық заң Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі банк шоттарының құпиялығына және оған қол сұқпауына кепілдік береді.

Өмір бойына күзет беріледі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын күзету мемлекеттік күзет қызметінің тиісті бөлімшесіне жүктелген. Тұрақты немесе уақытша болатын жерлерінде өмір бойы мемлекеттік күзетпен қамтамасыз етіледі. Тұңғыш президенттің отбасы мүшелеріне де мемлекеттік күзет беріледі. 

Сондай-ақ, Елбасы өмір бойы президенттік, үкіметтік байланыспен және жергілікті атқару органдарында, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бар басқа да байланыс түрлерін тегін пайдалануға құқылы.

Байланыс қызметтерін кезектен тыс ала алады. Өз өкілеттігін орындауды тоқтатса да, пошта және телеграф жөнелтімдері үкімет дәрежесінде жіберіледі.

Назарбаевқа – зейнетақы, отбасына – жәрдемақы беріледі

Конституциялық заңның 11-бабы Елбасыны зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыруды көздейді.

Өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Назарбаев жасына қарамастан Қазақстан Республикасы президентінің лауазымдық жалақысының 80 пайызы мөлшерінде ай сайын зейнетақы алып тұрады. Бұл орайда оның зейнетақысы Қазақстан президентінің лауазымдық жалақысының өсуі есепке алынып көтеріліп отырады. Назарбаев қайтыс болған жағдайда отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі зейнетақының 10 еселенген мөлшеріне тең сомада ай сайынғы жәрдемақы өмір бойына төленеді.

Тұңғыш президент пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу құқығы өмір бойы сақталады. Конституциялық заңның 7-бабында "Тұрғын үймен қамтамасыз ету" туралы айтылған. Оған сәйкес, өз өкілеттігін тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаевқа қажетті мемлекеттік қызмет көрсетіле отырып, меншігіне қызметтік пәтер мен мемлекеттік саяжай беріледі.

Ақша қайдан бөлінеді

Конституциялық заңда көзделген шығыстарды, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзетуге, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Назарбаев пен оның отбасына тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

Иллюстрация: elbasy.kz

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33