Тоқаев қорғаныс министрін ауыстырды
Поддержать

Тоқаев қорғаныс министрін ауыстырды

Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

— Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын. Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.

Сондай-ақ, Тоқаевтың өкімімен, Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Фото: Анатолий Устиненко




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.