Зеленский Ресеймен соғыс болу ықтималдығына байланысты үндеу жасады
Поддержать

Зеленский Ресеймен соғыс болу ықтималдығына байланысты үндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский халқына үндеу жасап, оларды «Ресей қаупі» деп аталатын жаңалыққа байланысты үрейленбеуге шақырды.

Украина басшысының ресми сайтында «Үрейленбеңіз. Украинаға және әлемге сеніммен» атты жазба жарияланды.

Зеленскийдің айтуынша, ақпараттық кеңістік «дәл ертең» басталуы мүмкін Ресеймен ықтимал қақтығыс туралы хабарламаларға толы. Ол Украина халқын үрейленбеуге және жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

— Соғыс сегізінші жыл болып жатыр, қазір дүрбелеңге түсетін, жағдайды ушықтыратын, қарақұмық пен сіріңке сатып алатын уақыт емес, — деді мемлекет басшысы.

Президент Украина «соғысты қаламайды, бірақ оған әрқашан дайын болуы керек» деп атап өтті.

— Біз бәрін білеміз және бәріне дайынбыз. Дипломатия арқылы шешу үшін бәрін жасап жатырмыз. Не істеу керек? Тек бір нәрсе, сабырлы болу керек, — деп қосты Зеленский.

Ол Украинаның қорғаныс қабілетін ұдайы нығайтып жатқанын, әскері күн сайын бәріне дайын екенін айтты. Украина, Зеленскийдің айтуынша, тек өзіне ғана сенеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.