Франция Әблязовқа тағылған айыпты алып тастауға шақырды
Поддержать

Франция Әблязовқа тағылған айыпты алып тастауға шақырды

Париждің Бас прокуроры кассациялық сотқа БТА Банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа тағылған айыптарды алып тастауға мүмкіндік берген апелляциялық соттың шешімін қайта қарау талабымен шағым жіберді.

ТАСС мәліметінше, 2020 жылдың қыркүйегінде Франция Әблязовқа саяси босқын мәртебесін берді, қазан айында ұсталды. Бірнеше күннен кейін экс-банкир сот бақылауымен босатылды.

2022 жылғы 13 қаңтарда Париждің апелляциялық соты Әблязовқа тағылған қылмыстардың мерзімінің өтуі негізінде істі тоқтату туралы қаулы шығарды.

Фото: Спутник




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.