Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды - Тоқаев
Поддержать

Халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайды — Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтып, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, халықтың үлесі 7,3 пайызды құраса, қазақстандықтардың жалақысы үштен бір бөлігіне де жетпейді.

— Бұл өте аз. Мысалы, Ресейде осындай экономика болғанына қарамастан, жалақы 46,7 пайыз болады, яғни бізден 1,5 есе көп. Ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі байқалады әрі әділдік жағынан мәселе бар, — деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, елдің жарты байлығы 162 адамға тиесілі екенін айтып, жағдайды шұғыл өзгертуді тапсырды.

— Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG, 162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растайды. Ал халықтың жартысында кіріс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл асады. Мұндай табысқа өмір сүру мүмкін емес, жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек, — деді президент бизнес өкілдерімен кездесуде.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.