Тоқаев: Еліміздегі білім жүйесін өзгерткім келеді
Поддержать

Тоқаев: Еліміздегі білім жүйесін өзгерткім келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесіп, маңызды мәселерді талқылады.

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасының бағыт-бағдарын қайта қаралатынын мәлімдеді.

— Еліміздегі білім жүйесін өзгерткім келеді. Қазір біз экономистер, заңгерлер мен менеджерлерді көп оқытамыз. Қазір техникаға бет бұруымыз керек, — деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, «Самұрық-қазына» қорындағы сатып алу процессін реттеу туралы нақты тапсырма берді.

— Дәл қазір шұғыл түрде «Самұрық-қазына» қорындағы сатып алу процессін реттеу керек. Соңғы бір ай уақыт беремін. Нәтиже болмаса, қатаң шешім қабылданады, — деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.