Туыстарым мен арқылы бір шаршы метр жер алған емес - БҚО әкімі
Поддержать

Туыстарым мен арқылы бір шаршы метр жер алған емес — БҚО әкімі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев «Ақжайық» телеарнасының эфирінде Теректі ауданы әкімдігінің жерді бөлу кезіндегі заң бұзушылықтар туралы біле ме деген сұраққа жауап берді.

Әкімнің айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қажет.

— Жер телімдерін бөлудің ашықтығы нормативтік актілерге байланысты. Біз бұл процесті барынша ашық ету туралы ұсыныстарымызды жібердік. Маған келетін болсақ, менің қызмет бабымды пайдаланбау деген ұстанымым бар. Мен нақты айта аламын: менің туыстарым мен достарым — мен арқылы немесе менің қызмет жағдайымды пайдалана отырып, бір шаршы метр жер алған жоқ, — деді Есқалиев.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.