Тоқаев Бас прокуратура мен ІІМ-не тапсырма берді
Поддержать

Тоқаев Бас прокуратура мен ІІМ-не тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Бас прокуратура, ҰҚК, Қорғаныс және ІІМ басшыларының кеңесі өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президентке еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» деп аталатын шұғыл алдын алу шараларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Айта кетейік, халықтан заңсыз сақтап отырған қаруларын алу ісі жалғасуда. 

Терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалған.

Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданғаны да айтылды.

Мемлекет басшысы тұрғындардың қазасына қатысты мәселе бойынша Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне әрбір жағдайды мұқият тергеп-тексеру жөнінде тапсырма берді.

Фото: Ақорда




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.