вторник, 24 мая 2022
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Зеленский назвал условие, без которого откажется встречаться с Путиным Информацию о блокировке активов российских банков опровергли в Казахстане АҚШ Тайваньды Қытайдан қорғауға дайын – Байден США готовы защищать Тайвань «военным путём» - Байден На Филиппинах во время пожара на судне погибли семь человек Елбасының еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды – Тоғжанов Ораз Жандосов будет консультировать министра Багдата Мусина Была ли слежка за казахстанцами: ответ МВД Олжас Сүлейменов партия құратынын мәлімдеді В Кызылординской области женщины требуют закрыть лото-клубы Льготное автокредитование: "Автомобили в наличии есть" «Путин – сүмелек»: Ресей агрессиясын айыптаған оқушы кешірім сұрады Дополнительных расходов для создания новых областей в Казахстане не будет- Минфин Украина ТМД елдерінің ерлігін есте сақтау туралы келісімнен шықты Иностранными банками заблокированы платежи в иностранной валюте на сумму Т9,2 млрд- глава АРРФР Число беженцев в мире превысило 100 млн Казахстанская компания прекратила поставки руды в Россию Падения деревьев и подтопления - результаты непогоды в Казахстане Почти Т232 млрд потратят на опреснительные заводы в Мангыстау Шымкенттік оқушыны әлемнің 34 университеті оқуға шақырды Установлена причина массовой гибели скота на Западе Казахстана Литва прекратила импорт российской электроэнергии Ақтауда ешкімді танымай қалған сарбаз үйіне қайтарылды В Нур-Султане арестован мужчина, домогавшийся девочки в автобусе Россияне продают казахстанский ИИН

Оппозиционер Ермек Нарымбай Қазақстанға оралады

Оппозициялық белсенді және бұрынғы саяси тұтқын Ермек Нарымбай отанына оралады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

- Жақын күндері Алматыда боламын. Парламент мүшесі ретінде диалог құруға ниеттімін. Осы 2 күн ішінде мен балалармен кездесемін, ҚР ішінде оларды құшақтау мүмкіндігі болады ма білмеймін, мен оларды 7 жыл көрмедім. Киевке шақыруға қаржылық жағдай мүмкіндік бермеді. Ақорда мені билікпен диалог жүргізу үшін Қазақстанға өз еркімен баратынымды түсінуі керек, мені ұстаудың пайдасы жоқ. Бұл қоғамды ашуландырады. Қамайтын болса да, мен ұзақ отырмаймын. ҚР-да мені журналистер, блогерлер, көптеген адамдар қарсы алады, сондықтан олар тұтқындалмайды. Мен ұрып-соғуға және азаптауға толық дайынмын, бірақ ол болмайды, билік үшін бұл пайдалы емес, - деп жазды белсенді.

Оның айтуынша, түрмеге қамалғаг жағдайда да халықпен тығыз байланыста болады. Сондай-ақ, жаппай азаптау бойынша шағын зерттеу жүргізетінін айтты.

- Ел ішінде менің дауысым қазіргіден гөрі маңызды болады. Түрмеде болсам да, мен халыққа хат жазамын, адвокат ашық хаттарымды жіберіп, маған жаңа жаңалықтарды жеткізіп отырады. Түрмеде мен барлық аймақтардағы жаппай азаптау жағдайына қатысты шағын зерттеу жүргіземін. Менімен болған жағдай көп нәрсені шешеді және басқа да саяси эмигранттар, оппозиция, азаматтық қоғам және биліктегі қарапайым адамдар мен Тоқаевтың жақтастарының ұстанымы да шешіледі, - деп жазды Ермек Нарымбай

Еске сала кетейік, Ермек Нарымбаев 2016 жылдың 14 шілдесінде Қазақстаннан қашқан еді. ҚР ІІМ-де Ермек Нарымбаевтың елден қалай шыққанына жауап бере алмады.

16 маусымда ҚР Қаржы министрлігі Қазақстандағы терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Ермек Нарымбаев та болды.

Фото: ашық дереккөз

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33