Оппозиционер Ермек Нарымбай Қазақстанға оралады
Поддержать

Оппозиционер Ермек Нарымбай Қазақстанға оралады

Оппозициялық белсенді және бұрынғы саяси тұтқын Ермек Нарымбай отанына оралады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

— Жақын күндері Алматыда боламын. Парламент мүшесі ретінде диалог құруға ниеттімін. Осы 2 күн ішінде мен балалармен кездесемін, ҚР ішінде оларды құшақтау мүмкіндігі болады ма білмеймін, мен оларды 7 жыл көрмедім. Киевке шақыруға қаржылық жағдай мүмкіндік бермеді. Ақорда мені билікпен диалог жүргізу үшін Қазақстанға өз еркімен баратынымды түсінуі керек, мені ұстаудың пайдасы жоқ. Бұл қоғамды ашуландырады. Қамайтын болса да, мен ұзақ отырмаймын. ҚР-да мені журналистер, блогерлер, көптеген адамдар қарсы алады, сондықтан олар тұтқындалмайды. Мен ұрып-соғуға және азаптауға толық дайынмын, бірақ ол болмайды, билік үшін бұл пайдалы емес, — деп жазды белсенді.

Оның айтуынша, түрмеге қамалғаг жағдайда да халықпен тығыз байланыста болады. Сондай-ақ, жаппай азаптау бойынша шағын зерттеу жүргізетінін айтты.

— Ел ішінде менің дауысым қазіргіден гөрі маңызды болады. Түрмеде болсам да, мен халыққа хат жазамын, адвокат ашық хаттарымды жіберіп, маған жаңа жаңалықтарды жеткізіп отырады. Түрмеде мен барлық аймақтардағы жаппай азаптау жағдайына қатысты шағын зерттеу жүргіземін. Менімен болған жағдай көп нәрсені шешеді және басқа да саяси эмигранттар, оппозиция, азаматтық қоғам және биліктегі қарапайым адамдар мен Тоқаевтың жақтастарының ұстанымы да шешіледі, — деп жазды Ермек Нарымбай

Еске сала кетейік, Ермек Нарымбаев 2016 жылдың 14 шілдесінде Қазақстаннан қашқан еді. ҚР ІІМ-де Ермек Нарымбаевтың елден қалай шыққанына жауап бере алмады.

16 маусымда ҚР Қаржы министрлігі Қазақстандағы терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімін жариялады. Бұл тізімде Ермек Нарымбаев та болды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.