Атырауда жоғалып кеткен 9 жастағы баланың денесі табылды
Поддержать

Атырауда жоғалып кеткен 9 жастағы баланың денесі табылды

Атырауда құтқарушылар жоғалған баланың денесін тапты. 2013 жылы туған Йепили Сайли Ананд Рао 22 қаңтар күні кешке із-түссіз жоғалып кеткен.

Мой город порталының мәліметінше, ол інісін ертіп далаға ойнауға шығып кеткен. Кейін інісі үйге қайтып келгенімен, үлкені келмеген.

Сол күні кешке полицейлер іздеу жұмыстарына кірісіп, сағат 05:30-да құтқарушылар Перетаска арнасын да тексерген.

23 қаңтар күні кешке сәбидің денесін құтқарушылар өзеннен тапқаны белгілі болды.

— Баланың денесі Перетаска каналының ортасынан табылды. Таңертең сүңгуірлер каналды бірнеше рет тексерді, — деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.