Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазына» басшысы мәлімдеме жасады
Поддержать

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Қазына» басшысы мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін жазба жариялады. 

– Бүгінде ел басшылығының саяси ерік-жігерінің арқасында «Самұрық-Қазына» қорының қоғамда қызу талқыланып жатқан реформаларды жүзеге асыруға бірегей мүмкіндігі бар. Біз сындарлы ұсыныстарды реформалау бағдарламасының жобасына енгізу үшін бөлісуге дайын әрбір адаммен диалог жүргіземіз. Негізгі қағидалар ретінде ашықтық пен есеп беру, бизнеске кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықпен күрес айқындалған, – деді Сәтқалиев.

Сондай-ақ, ұлттық байлықты әділ бөлу ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарының Қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі болуы мүмкін екенін айтты.

– Менің ойымша, ұлттық байлықты әділ бөлудің элементі ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарының Қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі болуы мүмкін. Біз негізгі мәселелерді шешу үшін Қор компаниялары тобындағы бизнес-процестерді және корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергиясы және телекоммуникация нарықтарындағы қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараларды ұсынамыз. Бұл мәселелер 26 қаңтар, сәрсенбі күні әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында бизнес қауымдастығымен талқыланады. Ұсыныстарыңызды usynys@sk.kz корпоративтік мекен-жайымызға жіберуге болады деп күтеміз, – деп жазды «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.