Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
Поддержать

Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Президент жарлыққа қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 19 қаңтары күні «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Жаңа құрылым елдің ұлттық қауіпсіздігі жүйесі қызметін жетілдіруді қамтамасыз етеді.

— Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Респубикасының Президенті Қ.Тоқаев, — делінген жарлық мәтінінде.

Фото: Курсив




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.