Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді
Поддержать

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Атырауда 52 жастағы әйел ұл босанды. 19 қаңтар күні әйел Атырау облыстық перинаталдық орталығына түскен.

Әйелге шұғыл ота жасалып, ұл бала дүниеге келді. Жаңа туған нәрестенің салмағы үш келі 70 грамм, бойы 51 сантиметрді құрады.

ATPress.kz мәліметінше, қазір ана мен бала үйде, жағдайлары жақсы. Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі әйел ұзақ жылдар бойы емделгеннен табиғи жолмен жүкті бола алмағанын айтты.

Жасанды ұрықтандырудың арқасында ол жүкті болып, көптен күткен баланы дүниеге әкелкен. 2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде арнайы «Аңсаған Сәби» бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.

Экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламасына квотаны жеті мыңға, яғни жеті есеге дейін ұлғайту міндеті қойылған еді.

Фото: ATPress.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.