Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды
Поддержать

Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

– Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Жалғасбаевқа қосымша міндеттер жүктелді.

– Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Фото: zerkalo.lv




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.