Сенат Назарбаевтың өкілетін қысқартуды мақұлдады
Поддержать

Сенат Назарбаевтың өкілетін қысқартуды мақұлдады

Сенат депутаттары «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» конституциялық заңда жазылған мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттігінен бас тартуды ұсынды.

– Сенаторлар Қауіпсіздік Кеңесі мен ҚХА-ны лауазымы бойынша Мемлекет басшысы басқаратын заңнамалық өзгерістерді қолдады. Бұл ретте сенаторлар заң жобасын талқылау барысында тағы бір түзету енгізді. «Тұңғыш Президент туралы» заңда сыртқы және ішкі негізгі салалардағы бастамалар Елбасымен келісіледі деген норма алынып тасталды. Осылайша, Сенат заңнамаға енгізілген түзетулерді тұжырымдамалық түрде мақұлдап, осы түзетумен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады, – деді сенатор Ләззат Сүлеймен.

Мәжіліс депутаттары түзетуді қарап, қабылданған жағдайда заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберіледі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.