Ya Metrika Fast


English version

Қорғаныс министрі Арыстағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексерді

События дня — 20 февраля 2022 00:00
0
Изображение 1 для Қорғаныс министрі Арыстағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексерді

Генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов басшылық еткен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Арыс және Шымкент гарнизондарына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы министрліктің сайты хабарлады.

Сапар барысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау шараларына басты назар аударылды. Бұл «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асырудың негізгі бағыты.

Құрамында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов, оқ-дәрілер бас басқармасының бастығы полковник Андрей Тихоненко бар қорғаныс ведомствосының комиссиясы Арыс гарнизонын айналып ұшып өтті.


— Генерал-лейтенант Руслан Жақсылыков жауынгерлік даярлықтың оқу-материалдық базасымен, әскери инфрақұрылымның жай-күйімен, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайымен танысты, — делінген хабарламада.
Оқ-дәрілерді сақтау шарттары, сондай-ақ арсеналдың техникалық аумағын тазарту және жарылғыш заттарды жою бойынша жұмыстарды жалғастыруға дайындық шаралары тексерілді.

Чингиз Айтматов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.