YouTube ресейлік медиа арналарды бұғаттай бастады
Поддержать

YouTube ресейлік медиа арналарды бұғаттай бастады

YouTube видеохостингінің басшылығы әлемнің барлық елдеріндегі ресейлік мемлекеттік медиа арналарының бұғатталғанын жариялады.

— Біздің қоғамдастықтың қағидаттары зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғаларды жоққа шығаратын дүниелерге тыйым салады. Қазіргі уақытта біз Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы ақпаратты теріске шығаратын арналарды бұғаттаймыз. Бүкіл әлемдегі ресейлік мемлекет қаржыландыратын БАҚ-пен байланысты YouTube арналарына кіруді бұғаттаймыз. Бұл өзгеріс дереу күшіне енеді, — деді Twitter-дегі видео хостингтің баспасөз қызметі.

YouTube мыңнан астам арналар мен 15 мыңнан астам бейнелер видео хостинг саясатын ғана емес, сонымен қатар жалған ақпарат саясатын бұзғаны үшін жойылғанын түсіндірді.

— Сонымен қатар, жақында біз Ресейдегі барлық YouTube жарнамаларын тоқтаттық. Мұны Ресейдегі платформамызда монетизацияның барлық әдістеріне тараттық, — деп толықтырды видео хостинг қызметі.

YouTube сайтында «Бірінші арна», «Бесінші арна», NTV, TNT, RT, «Россия 1», «Россия 24», «Москва 24», РБК және басқа да бірқатар телеарналарды ашуға тырысқанда, оларды «көру мүмкін емес» деген жазу шығады.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.