- Exclusive
Поддержать

Мемлекет басшысы Рамазан айында арнайы дастарқан жайып, ауызашар берді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл игі дәстүрдің халықты береке-бірлікке шақыратынын айтты. Сондай-ақ, әділетті қоғам құрудың маңыздылығына тоқталды.

– Жақын арада Конституциямызды өзгертетін болдық. Бірақ, ең алдымен, жұртымыздың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Бұл – оңай шаруа емес. Алдымызда көптеген түйткілдер бар, сондықтан бәріміз жұмыла еңбек етуіміз керек. Ең бастысы, ниетіміз таза, пейіліміз түзу болуға тиіс. Бір-бірімізге жанашырлық танытуымыз керек. Қазір бүкіл адамзатқа дәл осындай қасиеттер жетіспей жатыр, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ислам дінінің өркениет құндылықтарын, бейбітшілік ұғымдарын насихаттайтынын атап өтті және елімізге татулық пен тыныштық тіледі.

– Жұртымыз қашанда бейбіт өмірді бағалай білген. Біз осы ұстанымнан айнымаймыз. Ол үшін елімізге береке-бірлік, өзара түсіністік қажет. Ислам адамдарды бөлінуге емес, бірлікке шақырады. Имандылық – ең асыл қасиет. Сондықтан, дәстүрлі дініміз ұрпақ тәрбиесінің өзегі болуы керек. Ұрпаққа осындай өнегелі тәрбие беру – бәріміздің ортақ міндетіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.