- Exclusive
Поддержать

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға арналған ленд-лиз туралы заңға қол қойды. Бұл заң Украинаға және қажет болған жағдайда Шығыс Еуропа елдеріне қару-жарақ жеткізу процедурасын жеңілдетеді.

Құжат мәтінінде аталған елдердің қорғаныс қабілетін нығайтуға және олардың бейбіт тұрғындарын ықтимал шабуылдан немесе Ресейдің жалғасып жатқан агрессиясынан қорғауға көмектесу үшін жасалғаны айтылған.

Заң АҚШ президентіне қосымша өкілеттіктер береді. Ол ұзақ бюрократиялық процедураларсыз АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сай болған кезде Украинаға қорғаныс техникасын жеткізу және жалға беру туралы шешім қабылдай алады.

Бұған дейін заң жобасы американдық Конгресте екі партияның қолдауына ие болды. Сенат 7 сәуірде, Өкілдер Палатасы 28 сәуірде дауыс берді.

Бұл АҚШ тарихындағы екінші «ленд-лиза». Бұл заң алғаш рет екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылды, сол уақытта Гитлерді жеңуде маңызды рөл атқарды. Ол 1941 жылы наурызда президент Франклин Делано Рузвельттің бастамасымен Гитлермен соғысып жатқан Ұлыбританияға көмектесу үшін қабылданды. Ал 1941 жылдың қазан айынан бастап АҚШ несие туралы заң аясында Кеңес Одағына көмек көрсете бастады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.