- Exclusive
Поддержать

22 ақпаннан бері қамауда отырған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

— 2022 жылдың 19 ақпанынан бастап аталған адамға қатысты Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу жүргізіп келеді, күдіктінің іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша қарастырылуда, – деп хабарлады Бас прокуратура.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмағанын айтқан.

— Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық, – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұл бапқа сәйкес әскери жағдайда билікті асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады. Сондай-ақ, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын арқалайды.

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.