- Exclusive
Поддержать

Алматы мемлекеттік энергетика жəне электронды технологиялар колледжі отбасы күнін атап өтті. Оқу орнында дәстүрге айналған бұл мереке туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары пікір білдірді.

— Біздің колледжде отбасы күнін атап өту дәстүрге айналды. Бұл мерекенің негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарлы насихаттау. Студенттердің ата-аналары мен ұстаздар еркін пікір алмасады. Бұл мереке бірнеше кезеңнен тұрады: спорттық жарыстар, концерт, көрме және белсенді ата-аналарды марапаттау. Мерекенің ең қызықты сәттерінің бірі — спорттық жарыстар. Ата-аналардан құралған командалар өзара сайысады. Колледжде 4 бөлім бар: электрэнергиялық, радиотехникалық, жылуэнергетикалық, менеджмент және ақпараттық технологиялар бөлімі. Жыл сайын шығармашылық жарыстарда өздері жасап шыққан макеттерін ұсынады, — деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоғайбаева Нәзира Қуандықовна.

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.