- Exclusive
Поддержать

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрның актері Сағат Жылгелдиев дүниеден озды. Қаралы хабарды театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Сағат Ермағамбетұлы Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын, Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген.

— Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті. Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бақұл болыңыз аға! Сіздің жарқын бейнеңізді әріптестеріңіз, ұжым, өзіңіздің сүйікті көрермендеріңіз мәңгі жадында сақтайды, — делінген хабарламада.

Жылгелдиевтің ақын (И.Сапарбаевтың “Ауылдан келген аруында”), Байжан (И.Ғайыптың “Алтын ажалында”), Абдолла (С.Балғабаевтың “Ең әдемі келіншегінде”), Қожа Ахмет Иасауи (О.Дастановтың “Әзірет Сұлтанында”), Шеге, Байдалы би, Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, “Ұлпан”, “Ақан сері – Ақтоқтысында”) т.б. рөлдері мамандар тарапынан жақсы баға алған.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.