- Exclusive
Поддержать

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг жексенбі күні бейне байланыс арқылы Украина Ресейге қарсы соғыста жеңіске жететінін айтты.

Столтенбергтің пікірінше, Украинадағы соғыс Мәскеудің сценарийі бойынша жүрмейді.

– Олар Киевті ала алмады, Харьковтан шегініп, Донбастағы үлкен шабуылы тоқтап қалды. Ресей өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізе алмады. Украиндықтар өз Отаны үшін жанқиярлық танытты. Одақтастар тарапынан Украинаға миллиардтаған доллар көмек көрсетілді, — деді альянс басшысы.

Бас хатшы Швеция мен Финляндия үшін НАТО есіктері ашық екенін айтып, олардың одаққа кіру туралы шешімін «тарихи жағдай» деп бағалады.

Столтенберг Стокгольм мен Хельсинкидің НАТО-ға қосылу процесін мүмкіндігінше тездеткісі келетінін атап өтті.

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.