- Exclusive
Поддержать

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, қазіргі Ұлттық мұражай директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады. Экс-министрдің айтуынша, жалған айып тағылып, түрлі тексерулер жүргізіліп жатыр.

– Продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов айыбын бетіне басқаным үшін, мені ата жауындай көріп, күні бүгінге дейін жөн-жосықсыз арызданып келеді. Әрине, «қаһармандар» азуын көрсетуден қайтар емес. Кез келген ілкімді сәтті пайдаланып, өзіңіздің атыңызға, басқа да құрылымдарға еш негізі жоқ шатпақ шағымдарын шаршамай жазып келеді. Оның ту сыртында кезінде Дариға Назарбаеваның, Бағлан Майлыбаевтың, Ермек Аманшаевтың тұрғанын және де солардың айдағы екені де белгілі. Әлбетте, қисапсыз тексеру, тергеу амалдары да жүрді. Бірақ, менің ар-ұжданым таза! Жеке басымды қаралаған бірде-бір факт дәлелденбеді, — деп жазды ол facebook парақшасында.

Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тексеру өткеннен кейін, ол өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат шықты.

Бірақ Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай бұрынғы министрдің өз-өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.