- Exclusive
Поддержать

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сұхбат беріп, жаңа Қазақстан, қаңтар оқиғасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі туралы пікір білдірді.

Ералы Тоғжанов сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі туралы айтып, оны жоққа шығаруға болмайтынын жеткізді.

– Елбасының үлкен еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасының қасында көп жылдар қызмет жасадым. Маған сенім білдіргендіктен емес, жасаған еңбектерін білем. Баға жетпес үлкен шешімдерінің бірі – шекара мәселесі. Көрші елде болған үлкен мәселе не? Осы уақытқа дейін шекарасы бекітілген жоқ. Біздің елдің шекарасы бекітілгеннен бастап тәуелсіздігіміздің тұрақтылығының кепілдігі болады. Қазақстан Республикасының шекарасының нүктесі 2018 жылдың 12 тамызы күні қойылды. Сол кезде Маңғыстау облысының әкімі едім. Нүктесі қойылмаған жер Каспий теңізінің айналасы болды. Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның шекарасы бекітілді. Көрші елдердің бәрінде шекара мәселесі бар. Мен тек бір ғана жұмысын айтып отырмын. Оны ұмытуға қақымыз жоқ, — деді премьер-министрдің орынбасары Тоғжанов.

Сондай-ақ, «жаңа қазақстандық» адам қандай болуы керек екенін және қарапайым елге қандай жауапкершілік жүктелетінін айтты.

– Мен сіздерге бір ғана нәрсе айтқым келеді. Бұл сана-сезімге байланысты. Біріншіден жауапкершілік. Мемлекеттің жауапкершілігі бар, мемлекеттік органдардың функциясына байланысты жауапкершілігі бар. Сонымен қатар, әрбір елде өмір сүретін азаматтардың жауапкершілігі болу керек. Коронавирустың қиын кезеңін бастан өткердік. Сондай кезеңде 7000 азамат шетелге ұшып кетті, олардың 80 пайызы ауру жұқтырды. Жауапкершіліктің мәселесі. Елдің азаматтары «жасама» деген сәтте той жасағанын көргенбіз. Жауапкершілікті бірге алып жүретін болсақ біраз мәселе шешілетіні анық, — деді Тоғжанов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.