Токаев в Китае
Қазақстан Республикасының Жоғарғы cотында 2019 жылғы 3 қыркүйекте «БТА Банкі» Акционерлік қоғамының жауапкерлері Ж.Д. Жарымбетовтің, К.А.Садыковтың және С.Х. Мәмештің қатысуымен іс қаралды.
Сотталушылар Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылғы 7 маусымдағы Үкімін (бұдан әрі — Үкім) және басқа да сот актілерінің күшін жою туралы өтініш берді. Бұл өтінішті Жоғарғы cоттың сот алқасы мақұлдады, соттың Үкіміне сәйкес айыппұл түріндегі жазалар алынып тасталды және сот актілері өзгертілді. Осыған байланысты қылмыстық және азаматтық іс жүргізу аясында «БТА Банкі» АҚ ісіне қатысты барлық шектеулер мен санкциялар алынып тасталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2017 жылы Жарымбетов Ж.Д., Садыков К.А. Мәмеш С.Х. Үкімге сәйкес бірқатар шектеулерге ұшырады. 2018 жылдан бастап олардың бірнеше рет өтініш білдірулерінің нәтижесінде Жоғарғы сот алқаларының тыңдаулары басталды. Тыңдаулардың нәтижесінде бұрын қабылданған сот актілеріне өзгерістер енгізу туралы тиісті шешімдер қабылданды.
Басты сот талқылауындағы іспен бірге «БТА Банкі» АҚ залалды өндіру туралы азаматтық талабы қаралды. Белгілі болғандай, бұрын ауданаралық сот 2017 жылы БТА Банкінің АҚ пайдасына шешім шығарған болатын.
Алайда, Жоғарғы соттың сот алқасының шешімі бойынша бүгінгі күнге дейін «БТА Банкі» АҚ залалды өтеу туралы талаптар негізсіз деп танылды. Осыған байланысты, бұл бөлімдегі сот актілері алынып тасталды және жойылды.
2019 жылдың 3 қыркүйегінде өткен тыңдау нәтижелері бойынша Жарымбетов Ж.Д., Садыков К.А. және Мәмеш С.Х барлық шектеулерден, айыппұлдардан және басқа жазалардан босатылды.
Комментариев пока нет