Ә.Бәйменов: Сатқындықты да көрдім
Поддержать

Ә.Бәйменов: Сатқындықты да көрдім

Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов «Желмая» жобасында айтты деп жазады Excluziv.kz.

Жетістік деп айтуға келмес, тәубе, шүкір жағдай деймін, қанша үлкен лауазымда болсам да, мемлекеттің бір тиынына қол сұқпадым. Мүмкіндікті пайдаланып, бір дүңгіршекті де жекешелендіріп алған жоқпын. Екіншіден, үлкен саясатқа араласып, сатқындықты да көрдім, қанша жыл маған қарсы жұмыс жасалса да, ғайбатқа бармадым. Бойымдағы кешірімді болу мен қайырымдылық қасиетінен айырылмадым. Осыған «тәубе, шүкір» деймін, — деді Әлихан Байменов. 

Ол Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитеттің мақсаты туралы айтып берді. 

Бұл- 25 мемлекеттің құрған ұйымы. Мақсаты – мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет саласында озық тәжірибемен алмасып, ортақ зерттеу жүргізу. Әркім өзіне керегін біреудің тәжірибесінен не зерттеу нәтижесінен алуы керек. Басында 25 мемлекет болған соң, аймақ елдері болады деп «аймақтық» деп атап едік. Кейін Аустралиядан басқа барлық ел кіріп, «жаһандыққа» айналып кетті, — деді Байменов.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.