Парламент мобильді аударымдарды реттеуге қатысты заң қабылдады
Поддержать

Парламент мобильді аударымдарды реттеуге қатысты заң қабылдады

Сенат депутаттары тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған мобильді аударымдарға қатысты заң қабылдады.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Кәсіпкерлер енді бұл үшін салық төлейтін болады.

Пандемия кезінде сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнесте жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға ғана арналған мобильді аударымдарды кеңінен қолдана бастады.

Осы мәселені заңнамалық реттеу мақсатында мыналар ұсынылады:

«Мобильді төлемдер» түсінігін анықтау; мобильді төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде онлайн бақылау-кассалық машиналарды пайдалануды заңдастыру; кәсiпкерлердi бизнестi жүргiзу үшiн, яғни мобильдi аударымдарды жеке және кәсiпкерлiк деп бөлуге арналған жеке шоттарды пайдалануға мiндеттеу; банктерді мемлекеттік кіріс органдарына тиісті ақпаратты беруге міндеттеу.

Сенатор Ольга Перепечина заң жобасының қорытындысында осындай мәлімдеме жасады.

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев түсіндіргендей, салық режимінде ештеңе өзгермейді.

— Салық мөлшерлемесі өзгермейді, тек заңды айналымды көрсету керек. Уақытынан кешіктірмей тіркеуге алғаны үшін бізде әкімшілік айыппұлдар бар, ол бухгалтерияда айналымды көрсетпегені, яғни чек салмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
Біз тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлейтін боламыз. Мысалы, жеке тұлға күніне бірнеше рет басқа тұлғалардан ақша алады. Бұл бірнеше күн, айлар бойы жалғасады. Бұл салық органдарының осы жеке тұлғамен жұмысты жалғастыруға назар аударуы қажет екендігінің бір белгісі болмақ, — деп түсіндірді Сұлтанғазиев.

Фото: sputnik.kz




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.