Қазақстанның бас мүфтиі «Қара жұма» атауын өзгертуге шақырды
Поддержать

Қазақстанның бас мүфтиі «Қара жұма» атауын өзгертуге шақырды

ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «Қара жұма» сөзін «Жомарт жұма» деп ауыстыруды ұсынды. Ақпарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында жарияланды.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

— Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын, — деді ол.

Бас мүфтидің айтуынша, жомарт жұма халқымыздың ұғымына сай келеді. Бұл Ислам діні ұстанатын халқымызға деген құрмет.

— Жомарт жұма – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша, кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің нәтижесінде «жомарт жұма» акциясы аясында қаншама жанның алғысына бөленер еді, — делінген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.