Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті
Поддержать

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті. Өткен апта да мұнай бағасының төмендеуі байқалған еді. Мұнай бағасының тез өсуі сарапшыларды таңқалдырып отыр.

Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09.20-дағы жағдай бойынша, Лондон қор биржасында Brent маркалы мұнай 4,552 пайызға, барреліне 76,03 долларға дейін, WTI бойынша 5,517 пайызға, барреліне 71,91 долларға дейін өсті.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қарашада мұнай бағасы Оңтүстік Африкадан шыққан Omicron деп аталатын коронавирустың жаңа штаммының таралу қаупіне байланысты қыркүйектен бергі ең төменгі деңгейге дейін 11-13 пайызға арзандады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.